Пәндік онкүндіктер - тәжірибе алмасу негізі

Пәндік онкүндіктер - тәжірибе алмасу негізі

07.10 күнінен бастап лицейде «Абай и Пушкин –созвучие двух сердец...» тақырыбында шет тілдер онкүндігі жұмысын бастады. Аптаның алғашқы күні ұлы ақындар  Абай, Пушкин еңбектерін дәріптейтін мазмұнды стенд жасалып, оқушыларға таныстыру жүргізілді.

09.10 күні орыс тілінен  7 А сыныбында «Четыре художника»  ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Сардарбекова Г.Р. Сабақ барысында оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері "Блум таксономиясының ойлау дағдыларына негізделген" тапсырмалар орындалды.

09.10 күні 8 Б сынып оқушыларының ұйымдастыруымен үзіліс кезінде  «Ұлыбританияға саяхат» танымдық  сағаты өткізілді. Нығытай А, Шакимурат Г, Рысқұл Б, Саденов Д, Болатова Ә, Жакупова Х  ағылшын тілінде Ұлыбритания мемлекетінің  әдемі қалалары жайлы қызықты мәліметтер берді.

Дата: 11.10.2019, 8:53 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі