"Ұстаз аты- биік, әрі мәңгілік"

4.10.2019 ж. лицейімізде ұстаздар күніне арналған "Ұстаз аты- биік, әрі мәңілік" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Лицейіміздің кемеңгер ардагер ұстаздары іс-шараның құрметті қонақтары болды! Айтулы кеште лицей директоры оқу-тәрбие барысында шығармашылық табысқа жеткен ұстаздар қауымын, еңбекқорлығымен көзге түскен лицейдің кіші қызметкерлерін ұстаздар күнімен және еңбек күнімен құттықтап, білім бөлімінің Құрмет грамотасымен және лицей директорының алғыс хатымен марапаттады!

Дата: 4.10.2019, 15:02 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі