Экология ел амандығы

Экология ел амандығы

       Қазіргі әлемде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, халық санының артуы,  қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы табиғатқа үлкен қауіп төндіруде, осы орайда жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі  болып саналады.  Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып,  оны қорғауға,  аялауға деген көзқарасын   қалыптастыру - лицейдің тәрбие жұмыстарының басты негізі болып саналады.

       Табиғат-тіршіліктің бесігі. Адам – табиғаттың бір перзенті.Табиғатқа зер салып қарасақ, бізге бүккен беәмәлім сырлары аз емес. Оған тереңірек үнілетін болсақ, табиғат өз бойынан көп мөлшерде адамзатқа,  жануарларға  қажетті  заттар бөліп шығарып,  үнемі өзінің тепе-теңдігін сақтап отырады.
       Лицейдегі танымдық іс-шара «Экология-ел амандығы» атты  саптық   жиынмен басталды. Саптық жиын аясында «Экологиялық танымдық жобалар» және «Екінші өмір сыйла!» атты қалдық заттардан жасалған пайдалы бұйымдардың көрмесі таныстырылды. Биология пәні мұғалімі Коккөзова Н.А. ұ       йымдастыруымен «Экология –ел амандығы» танымдық экологиялық сағат өтті. Қоршаған ортаға деген, экологиялық ой-сана тазалығын ұран қылған өнеге сағаты оқушылардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, экологиялық сауаттылыққа тәрбиелер тағылымды, мазмұнды құндылықтармен байыта түсті.

       Экологиялық танымдық іс-шаралар легі «Өркен» үгіт-насихат тобының табиғатты сүюге, аялауға бағытталған идеологиялық танымдық өлең жырлармен және тағылымды мазмұнға толы экосағат «Табиғатты аялаймыз!» тақырыбындағы флешмобпен жалғасын тапты.  «Балқаш қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Молдабеков Самат Бексұлтанұлы және лицей директоры Рахимберлина Қарлығаш Тишбекқызының қатысуымен ағаш көшеттері отырғызылды. Экосағат  жоғарғы  деңгейде  ұйымдастырылып,  мазмұны жоғарғы  дәрежеде өтті.

Дата: 3.10.2019, 18:03 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі