Үштілділік бәскеге қабылетті елдер қатарына апарар жол.

Үштілділік бәскеге қабылетті елдер қатарына апарар жол.

08.01.19 ж.күні лицейде өткен әдістемелік кеңес «Үштілді  оқыту - заман талабы» тақырыбында өтті. Жаратылыстану пәндері химия, биология сабақтарындағы ағылшын тілінің кіріктірілуі туралы пән мұғалімдері Мұқамеди Р.С. Коккозова Н.А. өз тәжірибелерін ортаға салып, мұғалімдерді топтық тапсырмалар арқылы жұмысқа тартты. Жаратылыстану пәндерінде оқушылардың ағылшын тілін меңгерудегі, сабақ үрдісінде қоланылатын ауқымды, мазмұны терең СББ ресустарымен таныстырды.

   Әдісемелік кеңестің ІІ бөлімінде педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында ұйымдастырлыған «Үздік сабақ» конкурсының қорытындысы   жарияланды.  Жалпы конкурсқа  әр пән бірлестігінен  8 мұғалім қатысты.

 І орынды «Нұрбөбек» шағын орталығының мұғалімі Садыбаева А.Т. ІІ орын мектеп алды даярлық тобы мұғалімі Ежебаева А.М. ІІІ орын география пәні мұғалімі Тускеева А.М. жеңіп алды.  Келесі «Үздік шебер сынып»  «Үздік сыныптан тыс жұмыс» конкурстары жүргізіледі.

Дата: 9.01.2019, 11:50 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі