«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампанияның ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараның қорытындысы

«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампанияның ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараның қорытындысы

Балқаш қаласы абай атындағы №2 лицейде 2018 жылғы 23 сәуір мен  8 мамыр аралығында «қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампанияның ұйымдастыруымен іс-шаралар өтілді.

Ата-аналар мен педагогтардың назарына  оқушылардың ғаламторда көп отыруының зияндылығы туралы ой бөлісе отырып, олардың әсерінен болатын проблемаларды түсіндіріп, оның алдын алу шараларын ұсына отырып, олардың жауапкершілігін арттыру мақсатында үздіксіз жұмыстар жүргізілуде.

Лицей директорының ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасары Шынар Амандыковна, Асел Абикеновнаның,  лицей психологы Айсулу Аймуратовнаның  басшылығымен  «қауіпсіз интернет» республикалық  ақпараттық іс-шарасы аясында сынып сағаттар , «ғаламторға тәуелділік» тақырыбында ата-аналардың қатысуымен флеш-моб, пікір-сайыс алаңдары, «қауіпсіз интернет» аутрич-науқандары, дөңгелек үстелдер, ата-ана жиналыстары ұйымдастырылды. ХХІ ғасыр ғылыми-техниканың, ақпараттың қарқындап дамыған уақыты. жастарымыз ұялы телефонға, ғаламторды пайдалануда бірте-бірте тәуелділікке салынып барады. Пайдасынан зияны көп ғаламтордың жетегінде кетпеуіне тосқауыл болатын бірден-бір тиімді әдіс ол оқушыларымызды кітап оқуға тарту, қызықтыру.

Кітапханашының ұйымдастыруымен 5-7 сыныптар арасында «шынайы өмір – виртуалды әлемнен жақсы» атауымен «интернет орнына кітап» біркүндік акция аясында лицейімізде шаралар жоспарланып, жұмыстар жүргізілді. Информатика пәнінің мұғалімі Искакова Гүлзат Бекзатовнаның жетекшілігімен оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын  анықтау мақсатында  «қауіпсіз интернет» тақырыбы  аясында  5-6  сынып оқушылар арасында сурет салу, қорғау презентация қорғау байқауы өтті. Байқауға 30 оқушы қатысты. оқушылардың барлығы қызығушылықпен, ынтамен атсалысты. қатысушылар жұмыстары санының көптігіне орай байқаудың шарты бойынша ең жақсы жұмыстар іріктеліп алынды. Байқауға қатысушы  оқушылардың жұмыстары І, ІІ,ІІІ  орындарға ие болды. 04 мамыр күні  лицейде 6 «А» сыныбымен  агентомания  «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны» тақырыбында "Айтуға оңай" желісіменіс-шара өтілді. Балалар оқушы , психолог, ата-ана кейіпкерін сомдап,  өмірмен байланыстырып интернет пен агенттің  жақсы - жаман жақтарын айтып,   өз ой – пікірлерін  ортаға салды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында, баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғау мәселелері жөнінде мақалалар жарияланды.  Мектеп психологтары компьютер мен смартфонды қолдану уақыты мен ережелері туралы сауалнамалар жүргізіп, оқушыларға психологиялық тренингтар өткізді. сондай-ақ,Абай болыңдар!  «Интернет желісіндегі қауіпті ойындар»  тақырыбында  оқушыларға семинар өткізді.  Инженерлер телефондар мен компьютерлерде ата-ана бақылауы бағдарламаларын қолдану мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беруге арналған «қызу желілер» тақырыбында жұмыстар жүргізді.Аталған жұмыстар барысында ата-аналар ғаламтордың оқушы денсаулығы мен оқу үлгеріміне тигізетін кері әсері жайлы ойларын ортаға салды. Көрсетілген шараларды іске асыру нәтижесінде ата-аналар мен балалардың, педагогтардың интернетті пайдалану сауаттылығы көтерілді.

Осындай іс-шаралар қаланың  барлық мектептерінде өткізілді, және бұл жұмыстар өз жалғасын табуда.

Дата: 6.06.2018, 11:23 Автор: №2 Лицей