Оқушыларды қорытынды аттестаттау және ЖОО-на түсу үшін ҰБТ –ға дайындық жұмыстары бойынша жаңа қосымшалармен таныстыру

  Лицей директоры Қ.Т.Рахимберлина  биылғы оқу жылындағы лицейдің қорытынды аттестаттау және ЖОО-на түсу үшін ҰБТ қорытындысы бойыншаенгізілген жаңалықтар бойынша негізгі мәселелерге  қысқаша шолу жасады. Ата-аналарға қалған аз уақытта балаларының тестілеуге дайындығына аса көңіл аудару қажеттігін баса айтты. Ата-аналарға Елбасымыздың тапсырмасы бойынша бөлінге грант бойынша ҚР ҰТО-ның  дайындаған видеожазбасы көрсетілді. Директордың  БІЖО Шармуханбетова Ж.А. ҰТО-ның 2018 жылғы білім алушылардың қортынды аттестаттауы мен ҰБТ ұйымдастыру туралы жаңа нұсқауларымен қысқаша таныстырып өтті, оның ішінде ЖОО-на түсу үшін ҰБТ  бойынша жаңа енгізілген жаңалықтарға баса көңіл аударды.  Сонымен бірге 02.05.2018  ж күні өткен ҚР Білім және ғылым вице –министрі Асхат Аймағанбетовтың қатысуымен ҰБТ-2018 тақырыбында брифингтегі қозғалған мәселелерге тоқталды. ҰТО-ның ата-аналарғағ түлектерге, емтихан материалдарын пайдалану ережесі және аппеляцияға беруде ұсынылған жадыналармен таныстырды және ҰТО-ның дайындаған барлық ақпарат құжаттарын ата-аналардың ортақ втцапқа салынғаны айтылды. (Қосымшада берілді)

   Директордың  ОӘІЖО Жаксыгельдина Ш.Т.     ҰТО-ның 2018 жылғы мектепті аяқтау №74 бұйрық негізінде   11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары және қорытыныды аттестаттау ережесі, лицейдегі өтетін уақыты, орны  бойынша толық ақпарат берді. Лицейдегі қортынды аттестаттау бойынша өтетін пәндерге, пәндердің сұрақ мазмұны, тапсыру уақыты т.б. ережелерімен таныстырды. Жиналыстың соңғы сұрағы бойынша директордың БІЖО Ж.А.Шармуханбетова  11 сынып оқушылары жайлы, оның ішінде сапалық құрамы, таңдау пәндері,  қосымша сабақтарының дайындығы (өзгерістерге)  жөнінде ақпарат берді. Барлық ақпараттар салыстырмалы кесте арқылы көрсетілді11 сынып оқушыларының соңғы тестілеулері бойынша проблемалық талдау жасалды.

Дата: 10.05.2018, 22:59 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі