11 сынып оқушыларымен кездесу

11 сынып оқушыларымен кездесу
 
Директордың БІЖО Шармуханбетова Ж.А. 11 сынып оқушыларына биылғы оқу жылындағы қорытынды аттестация және ЖОО-на түсу үшін ҰБТ бойынша ережелермен және биылғы оқу жылында енгізілген жаңалықтармен таныстырды.  Республикалық ҰТО-ның түсіндірме ақпараттарын, бейнежазбаларын көрсетіп, әр түлекке жадынама қағаз және электронды түрде таратты. Мамандықтардың тізімі, мамандық таңдауда бейіндік пәндерге, ЖОО-на түсуде мамандық таңдау пәндеріне көңіл аударды. Шығармашылық тапсыратын оқушыларға арналған жадынамаларды таныстырды. Түлектерден жадынамамен танысқаны жөндері қол қойдырды. 
Дата: 27.04.2018, 23:26 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі