Размер шрифта:

Балабақшамыздағы облыстық семинар

Балабақшамыздағы облыстық семинар

31 қазан күні балабақшамызда "Үштілді білім беруді енгізу жағдайында жаңартылған білім беру факторы" тақырыбында облыстық семинар өтті. Балқаш гуманитарлы-техникалық колледж студенттері тәрбиеленушілерімізге ашық сабақтар өткізді. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру-ересек тобына, ағылшын тілі-мектепке даярлық тобына, қоршаған ортамен таныстыру-ортаңғы топ балаларына және музыка сабағы ересек орыс тобына өтті. Қарағанды облысының түпкірінен жиналған қонақтарымызға әдіскерлеріміз Байбосына А.Қ. және Туранкова О.В. балабақша ішіне экскурсия жүргізді. Қонақтар өткізілген сабақтарды қорытындылап, алған әсерлерімен бөлісті.

Дата: 1.11.2018, 16:11 Автор: «Балақай» бөбекжайы»