"Мен адаммын" "Өзін өзі тану" бөлімінен ұйымдастырылған оқу әрекеті

   Баланың жанын тәрбиелеу, ішкі сезімін жеткізе білуге баулу маңызды екені белгілі. Себебі сезімсіз, махаббатсыз адамның жүрегі жетім. Айналаға, қоршаған ортаға, қоғамға, қыбырлаған кез-келген тіршілік иесіне деген риясыз сүйіспеншілік сыйлай білу жүректің кеңдігі, рухани байлықтың көрінісі болып табылады. Бүгін,яғни 13.02.2018 жылы біздің «Алпамыс» балабақшасында «Әлеумет» саласы «Өзін-өзі тану» бөлімінен №12 ересектер тобында «Мен адаммын» атты ұйымдастырылған оқу әрекеті өтті.  Пән ретінде де, тәрбиенің бағыты ретінде де өзін-өзі тану пәні балаларды өмірдің мәнін, өзіндік көзқарасын, өмірдегі өз орны мен ролін айқындауға жол ашады. Баланы жеке тұлға деп қарастырып, өзіне, өзінің күші мен қабілеттеріне сенімінділігін күшейтуге, жақсылық жасауға, әділ әрі парасатты болуға, өзімен және ішкі жан-дүниесімен үйлесімділік орнатуға мүмкіндік береді.