Ана біздің күніміз

Ана біздің күніміз

      Балаларға анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Мерекелік көңіл-күй орнату, шығармашылық ой-қиялдарын дамуына ықпал ету мақсатында «Ақбота» балабақшасында 2018 жылдың 05-07 науыр айының аралығында барлық топ тәрбиеленушілерімен  «Ана біздің күніміз» атты  8 наурыз –Халықаралық әйелдер күнінеарналған ертеңгіліктер өтті. Аналар мерекесіне арнап Көктем, Сайқымазақ, Қасқыр, Қызыл телпек және Гүл ханшайымы қонаққа келді.Балалар аналар мен әжелерге арнап өлеңдер, әндер шырқап, қызықты ойындар ойнады. Ал, «Шұғыла» ересек тобында «Қыз сыны» сайысы өтті. Сайыс 5 бөлімнен құрылды, оған 5 жүлдегерлер қатып, әртүрлі номинация бойынша дипломмен сыйлықтар алды. Сайысқа дайындаған аналарға да алғыс хат тапсырылды.