Ата-аналар қауымдастығымен кездесу

Ата-аналар қауымдастығымен кездесу

«Ақбота» балабақша директоры А.Б.Кишкиндаева  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауымен балабақша ата-аналар қауымдастығымен жақынырақ таныстырып, өз пікірін ортаға салды. Жиынды балабақша директоры А.Б.Кишкиндаева ашып, ел болашағы үшін айқын міндеттерді белгілеп, жарқын болашаққа жол сілтейтін Елбасының кезекті Жолдауының маңыздылығы мен оның он басымдығына тоқталды. Сондай-ақ, барлық деңгейдегі – мектепке дейінгі жастан әрі одан жоғары – білім беру бағдарламаларының өтпелі мақсаты – тұрақты өзгерулерге бейімделу және жаңа білімді игеруге ынталандыру қабілетін дамыту. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында білім берудің жаңаша сипатына тоқтала келіп, қазақстандықтардың болашағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде екенін тағы бір атап өтті.

Дата: 14.02.2018, 11:07 Автор: Мектепке дейінгі мекеме "Ақбота"