Размер шрифта:

Діни экстремизм-қоғам дерті.

2023-2024 оқу жылының сәуір айының 5-і күні Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінің 10,11 сыныптының оқушыларына «Балқаш қаласының конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы » КММ теологтары Тұрлыбек Қыдыр Сәкенұлы мен Карипбаева Ұлпан Ергабыловна келіп дәріс оқыды.
Тақырыбы: Діни экстремизм-қоғам дерті.
Мақсаты: Ұлттық салт - дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс - деп, дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт - дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, адамның сана сезімін улайтын, әлемдік діндердің атын жамылып теріс бағыт беретін діни секталар туралы діни экстремизм мен терроризмнің мағынасын түсіндіру;
• Оқушыларға заңсыз жат діни ұйымдар туралы мағлұмат беру.
Міндеттері:
1. Білім алушыларды идеологиялық тақырыптарға арналған ақпарат көздерімен таныстыру. Оқушыларға діни экстремизмге қарсы күрес жолдары туралы ақпарат беру.
2. Білім алушылармен бірлескен іс - әрекеті арқылы, сұрақ - жауап пікір бөлісу.
3. Келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.
Іс-шара соңынан оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандарымыз жауап берді,оқушыларымыз өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала білді.
#Карагандыоблысыбілім09
#Біртұтас_тарбие
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_abb

Дата: 16.04.2024, 10:22 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп