Cегізбаева Мақпал Серікқызымен кездесу

 

 

Бүгін, ақпан айының 5-і күні мектебімізде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан облыстық «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығы аясында 10-11 сынып оқушыларымен «Менің IT әлемім» тақырыбында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультетінің математика және қолданбалы информатика пәнінің оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Сегізбаева Мақпал Серікқызымен кездесу өтті. Кездесу барысында С.М.Серікқызы ақпараттық-технологиялар саласында болып жатқан жаңалықтармен бөлісіп, оқушыларға интернет желісін пайдалануда өзінің кеңестерін айтты.

   

Дата: 12.02.2021, 10:39 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп