Акция «Анаңа қуаныш сыйла»

Акция   «Анаңа қуаныш  сыйла»

      2019  жылдың  6  наурызы  күні  Оқушылар  сарайының  үйірме  тәрбиеленушілері мен Жас ұлан  ұйымының  мүшелері ұйымдастыруымен   «Анаңа қуаныш  сыйла»  атты  акция   өткізілді.

      Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған ақжаулықты  әжелерді, ардақты аналарды, сұлу да сүйкімді  аруларымызды  жылы шуақ ала келген  шұғылалы  көктемнің шуақты алғашқы  мерекесі 8 – наурыз -Халықаралық  әйелдер  күнімен құттықтауға арналған  акцияда  балалар өз  қолдарынан  жасалған  қызғалдақ  гүлімен қоса, түрлі-түсті  шарлар  тарту  етті.

     Акцияға барлығы  120 астам қала  тұрғындары мен балалар қатысты.

Дата: 13.03.2019, 8:24 Автор: Оқушылар сарайы