«Интернетті қауіпсіз ету мүмкін бе?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді...

«Интернетті қауіпсіз ету мүмкін бе?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді...

 

  15 сәуір күні «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық акциясының тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, 8-9 сынып оқушылары арасында «Интернетті қауіпсіз ету мүмкін бе?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстел барысында алдымен оқушыларға «Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік» бейнеролигі көрсетіліп, талқыланды. Интернеттегі ойын, сайттарға кірген кездегі аккаунт құрудағы қауіпсіздік. Өзі туралы нақты мағлұмат салмау, бейтаныс адамдарға телефон номері және мекен-жайы туралы ақпарат бермеу керек екендігі ескертілді. Ары қарай оқушылар өздері дайындап әкелген плакаттарымен интернеттің пайдасы және зияны туралы қызықты мағлұматтармен бөлісті. Бұдан кейін оқушыларға «Интернет желісінде алданып қалу қаупі» жайлы бейнеролик көрсетілді. Бөтен адамға телефон номерін бермеу, танымайтын адамның үйіне бармау, машинасына отыруға болмайтыны жайлы сөз қозғалды. Дөңгелек үстелдің соңында оқушылардан сауалнама алынды. Жалпы отырыстың өту барысы оқушыларға ұнады және өздеріне керекті көп мағлұмат алды.

Дата: 15.04.2019, 16:43 Автор: Мектеп-интернат №2