«Ал, кәнекей, қыздар!» атты сайыс өтті...

«Ал, кәнекей, қыздар!» атты сайыс өтті...

 

   7 наурыз күні М. П. Русаков атындағы №2 санаторлық мектеп-интернатында 7-9 сынып қыздарының арасында «Ал, кәнекей, қыздар!» атты сайыс өтті.

Іс-шара 5 кезеңнен құралды, олар «Мен қазақтың қызымын» амандасу, «Халқын сүйген салтын сүйген» үйден әзірлеп әкелінген бұйым, «Өнерлі өрге жүзер» әр қатысушының өнерін тамашалау, «Бәйге» салт-дәстүрден қойылған сұрақтарға жауап беру, «Анаға арнау» мәнерлеп оқу. Сайыс соңында әділ қазылар шешімін шығарып қыздарымызға «Мектеп аруы», «Көктем аруы», «Өнерлі ару», «Сымбатты ару», «Шебер ару» деген мадақтамаларды таратты.

Дата: 12.03.2019, 17:10 Автор: Мектеп-интернат №2