9 "А" сыныбында "1937-1938 жылдардағы жаппай жазалау шаралары" тақырыбында ашық сабақ өтті...

9

 

   Қараша айының 19 мен 29 аралығында қоғамдық-гуманитарлық пәндердің онкүндігі өткізілуі жоспараланды. 20 қараша күні тарих пәнінің мұғалімі Жанат А. Ж. Қазақстан тарихы пәні бойынша 9 "А" сыныбында "1937-1938 жылдардағы жаппай жазалау шаралары" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың оқу мақсаты: «Алаш» партиясының мүшелері мен ұлттық интеллигенцияға қарсы саяси жазалау, 1937-1938 жылдардағы жаппай саяси қуғын сүргін, зардаптары жайында білу. Оқушыларға қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері туралы терең мағлұмат берілді, 1937-1938 жж. репрессия жөніндегі түсініктері қалыптасты. Алашорда көсемдерінің қызметі жайлы талдау жасалды.

Дата: 20.11.2018, 15:58 Автор: Мектеп-интернат №2