11 қазан күні «Жыл мұғалімі» мектепішілік байқауының соңғы шешуші кезеңі өтті...

11 қазан күні «Жыл мұғалімі» мектепішілік байқауының соңғы шешуші кезеңі өтті...

  Бүгін, қазанның 11 күні № 2 мектеп-интернатында «Жыл мұғалімі» мектепішілік байқауының соңғы шешуші кезеңі өтті, мұғалімдер сыныптан тыс іс-шаралар өткізді.

Есімбекова Ә. Т. 7 «Ә» сыныбында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушылардың отбасын қадірлеуге тәрбиелеу. Рухани – адамгершіліктерді дарыту. Риясыз «сүйіспеншілік» сезімін ояту.

Маутанбекова М.М. 6 «Ә» сыныбында «Әке – асқар тауың, Ана – сая болар бағың!» атты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға өмірдегі ең қымбат екі адам әке мен ананың ұлылығын кең көлемде ұғындыру.

Елеубекова А. Б. 4 сыныпта “Тәрбие көзі - салт-дәстүр" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі - қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт - дәстүрлерді бойларына сіңіру, рухани - адамгершілік қағидаларды ұстануға үйрету арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Барлық ұстаздардың сабақтарына талдау жасалды. Ұпайлар есептеліп, нәтижесінде комиссия шешімі бойынша жеңімпаз анықталып қалалық байқауға үміткер ретінде бастауыш сынып мұғалімі Елеубекова Айжан Болатқызы жіберілді. Айжанға сәттілік тілейміз!

Дата: 11.10.2018, 18:02 Автор: Мектеп-интернат №2