«Жыл мұғалімі» мектепішілік байқауының бірінші кезеңі өткізілді...

«Жыл мұғалімі» мектепішілік байқауының  бірінші кезеңі өткізілді...

 

 8 қазан күні № 2 мектеп-интернатында «Жыл мұғалімі» мектепішілік байқауының І кезеңі өткізілді. Қазақ тілі мен əдебиет пəні мұғалімі Есимбекова Әсел Тиішбекқызы қазақ тілінен 5 «А» сыныбында "Тұсау кесер" тақырыбында ашық сабағын ойын элементін қолдана отырып өткізді.

Математика пән мұғалімі Маутанбекова Меруерт Маратқызы «Бүтін көрсеткіш дәреже және оның қасиеттері» 7 «А» сыныбында ашық сабақтар өткізді.

Екінші кезең – сыныптан тыс іс-шара өткізу. Екі кезең қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған мұғалім қалалық «Жыл мұғалімі» байқауына қатысуға жолдама алады.

Дата: 9.10.2018, 14:06 Автор: Мектеп-интернат №2