«Салауатты өмір сүру – уақыт талабы» тақырыбындағы диспут сайысы өтті...

«Салауатты өмір сүру – уақыт талабы» тақырыбындағы диспут сайысы өтті...

 

  27 қазан күні 8 «А» сыныбы оқушылары арасында сынып тәрбиешісі Э. К. Алуакасованың ұйымдастыруымен «Салауатты өмір сүру – уақыт талабы» тақырыбындағы диспут сайысы өтті. Мақсаты: жасөспірімдерді денсаулықты сақтауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға,  өзара көмек көрсете білуге және ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа, нақтылыққа, жылдамдыққа, уақытты сезінуге тәрбиелеу.

Іс-шара барысы бес бөлімнен тұрды. Топтар әр бөлімге бар ынталарымен қатысып, белсенділік танытты. Сайыс соңында әділ қазылар тарапынан баға беріліп, жиған ұпайлары бойынша жеңімпаз топ анықталды. Сайыс тек талас – тартыстан ғана тұрған жоқ, яғни, салауаттылық, зиянды әдеттер жайында көптеген жаңа мәліметтер де берілді. Қорыта айтқанда, сайыс ойдағыдай өтіп, өз мақсатына жетті.

Дата: 27.09.2018, 17:04 Автор: Мектеп-интернат №2