21 ғасырдағы қазақстандық ата-ана «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы 5, 6, 7 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған Республикалық ата-аналар конференциясы туралы ақпарат

21 ғасырдағы қазақстандық ата-ана  «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы   5, 6, 7 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған Республикалық ата-аналар конференциясы туралы ақпарат

 

   22 қыркүйек күні «Жалпы білім беретін № 2 мектеп-интернаты» КММ-да 5-7  сынып оқушыларының ата-аналарына ҚР білім және ғылым министрлігі  балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша дайындалған «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында республикалық конференция өтті.

    Мектеп директорының тәрбие ісінің орынбасары Тахаева А. Ж.  сөз алып  5-7 сынып ата-аналарына психологиялық көмек тақырыбында ақпарат берді.  Қазіргі күрделі жағдайларда отбасына мектеп тарапынан жүйелі және білікті көмек қажет. Ата-аналардың педагогикалық біліксіздігінің құны өте қымбат болуы мүмкін; өздерінің ата-ана ретіндегі қателерін түсініп, баланы    тәрбиелеуде бұрыс әрекеттер жасамай, баланы алғашқы күннен қалай тәрбиелеу керектігін түсінулері тиіс. Сол себептен де, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру – әрбір жеке отбасының және жалпы бүкіл қоғамның міндеті. Американ жазушысы Томас Харрис дәл айтқандай, «Балаларға көмектесудің ең жақсы тәсілі – бұл олардың ата-аналарына көмектесу». Ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізудің мақсаты – отбасы мен мектеп ынтымақтастығының берік іргетасын қалау.

   Мектеп психологы Асылханова А. конференцияның психологиялық кеңес берудің 7 бағытын қарастырды. Ата-аналарға бала тәрбиесі жайында қысқаша бейне-роликтер көрсетілді. Тақырып бойынша үйдегі тәрбие, баламен қарым-қатынаста кездесетін киындықтары жайында талқыланды. Бала тәрбиелеуде ата-аналарға психологиялық кеңес беріп, нұсқаулықтар таратты.

Дата: 23.09.2018, 18:35 Автор: Мектеп-интернат №2