ЖББ М.П. Русаков атындағы №2 санаторлы мектеп-интернат КММ бойынша 2018-2019 оқу жылында «Қауіпсіз мектеп» акцияда өткізілген іс-шараларға ақпарат

ЖББ  М.П. Русаков атындағы №2 санаторлы мектеп-интернат КММ бойынша 2018-2019 оқу жылында «Қауіпсіз мектеп» акцияда өткізілген іс-шараларға ақпарат

 

  2018 жылдың  20 тамыз – 17 қыркүйек аралығында мектебімізде «Қауіпсіз мектеп» атты республикалық акциясы төңірегінде іс-шаралар өтті.

Акцияның мақсаты – білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасында және оларға қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу және оқу орындарында қауіпсіздік шараларын жетілдіру.

Акция бойынша ата-аналарға ақпараттық стенд рәсімделді. Қауіпсіз жүріп тұру ережелері бойынша оқушылармен ата-аналарға арналған жадынамалар таратылды.

1-4 сынып аралығында «Қауіпсіз әліппесі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

5-9 сыныптар аралығында «Қауіпсіз жүріп тұру қағидаларын сақта!» тақырыбында сынып сағаттары өткізлді.

Жол қозғалысына қатысушыларды жолда абай болуға шақыру мақсатында «Флеш-моб» ұйымдастырылды.

«Қауіпсіз жол» жол қозғалысының  жас инспекторларының байқауы өтті. Мақсаты: оқушылардыжол тәртібін сақтауға, жол ережелерін білуге, қолдануға үйрету.

3-4 сыныптар оқушылары арасында «Қауіпсіз шұғыла» тақырыбында суреттер байқауы өтті. Осы байқауда оқушылар жүлделі орындарға ие болып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Олар: Аманғазы Фариза - 1 орын, Өмірбек Ақжол - 2 орын, Төлеуқұл Рауан - 3 орын.

Дата: 18.09.2018, 18:10 Автор: Мектеп-интернат №2