Елбасына тартқымыз келеді.

Елбасына тартқымыз келеді.

 Патриоттық тәрбие беру мақсатында «Күншуақ» балабақшасында  29 қарашада  Елбасы күніне арналған мерекелік ертеңгілік өтті. Ертеңгілік Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды.  Өздерінің бақытты  балалық шақтарының  қызықтығын балалар елбасына арнаған мәнерлі өлең жолдарымен және балабақшаның  «Күншуақ» әнұранын орындау арқылы білдірді. Екі тілде Отанға арналған өлеңдерін әсерлі орындады.  

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлына арналған  арнайы фильм көру арқылы елбасы туралы көптеген мәліметтер алды.  

  Балаларға әсер еткені арнайы балабақша ішіндегі «Бейбітшілік» шағын – мұражайында ұйымдастырлған  «Елбасы және балалар» атты  фото – көрме.  Көрме арқылы балалар өз білімдерін қосымша толықтырды. 

Дата: 30.11.2016, 10:45 Автор: Күншуақ