Размер шрифта:

Хабарландыру

Хабарландыру

Конкурстық негізде педагогтерді қабылдау

 

Хабарландыру

  "Балқаш қаласы білім бөлімі Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі" КММ (Мекен жайы: Шашубай 11а, тел: 6-87-66, эл.почта: school15balkhash@mail.ru)келесі бос лауазымдарғақосымшаконкурс жариялайды:

 - Алғашқы әскери дайындық және технология мұғалімі - 1 штаттық бірлік 

- Бастауыш сынып мұғалімі – 2 штаттық бірлік (бала күтіміне байланысты демалыстағы мұғалімнің орны)

- информатика пәні мұғалімі – 2  штаттық бірлік (бала күтіміне байланысты демалыстағы мұғалімнің орны)

- вожатый - 1 штаттық бірлік (бала күтіміне байланысты демалыстағы мұғалімнің орны)

- технология пәні мұғалімі – 0,5 штаттық бірлік (ер балаларға)

- педагог-асистент- 1 штаттық бірлік

- мектепке дейінгі даярлық тобының мұғалімі - 1 штаттық бірлік (бала күтіміне байланысты демалыстағы мұғалімнің орны)

 

2022-2023 оқу жылына конкурстық негізде педагогтерді жұмысқа қабылдау ағымдағы жылдың 9 тамызынан басталады.

 

Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (22.12.2022 №513 бұйрығындағы) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

 

Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар мектеп-лицейдің ресми сайтына жарияланады.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

 3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

 5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8.) наркологиялық ұйымнан анықтама;

 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.

10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,

кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/

академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

 

            2023 жылғы 9 тамыздан бастап  17 тамыз аралығында мектеп-лицейдің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізіледі.