Размер шрифта:

«Математика жолдарын кедергісіз өтеміз»

«Математика жолдарын кедергісіз өтеміз»

Мектепке дейінгі «Таңшуақ» шағын орталығында 6 - шы ақпаңда «Математика жолдарын кедергісіз өтеміз» Математикалық сауаттылық апталығы аясында төмендегі іс - шаралар өткізілді.
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық білім беру сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау.
Барлық топтарда «Ертегі патшалығында математика апталығының ашылуы» ойын-сауық ұйымдастырылды.
”Қызғалдақ”ортаңғы тобында «Дүкен» сюжеттік-рөлдік ойыны» өткізілді.
”Түймедақ”ересек тобында Математика негіздері бойынша ойын драматизациялау «Қасқыр және жеті лақ» әңгіме жүргізілді.
”Раушан”мектепалды тобында Квест ойын «Сиқырлы сандық» Математика негіздері бойынша өткізілді.
Өткізілетін іс-шарада балалардың қызығушылығы, байқағыштығы, қиындықтарды жеңуге деген ұмтылысы сияқты жеке қасиеттерін қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасалады.