«Зерек бала» зияткерлік сайысы Абай атындағы мектеп-гимназиясының базасында

 «Зерек бала» зияткерлік сайысы Абай атындағы мектеп-гимназиясының базасында

Қарағанды облысының білім басқармасы және «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында 2022жылғы 1 маусымда 5-6 жастағы балаларға арналған «Зерек бала» зияткерлік сайысы Абай атындағы мектеп-гимназиясының базасында өтті.
«Зерек бала» зияткерлік сайысының облыстық кезеңінен 20 командадан тұратын 100 бала қатысып,
«Логика»,
«Жас математик»,
«Жас әдебиетші», «Квест»,
 «Жас ғылымтанушы»,
 «Жас полиглот»,
«Жас спортшы»,
 «Жас жұлдыз» бекеттерінен өтті.
Жоғары ұпай жинаған командалар жүлделі орынға ие болды.
I орын иегері: Балқаш қаласы - «Зерек» командасы Ә.Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі иеленді.
«Зерек» командасы: Қасымхан Зере, Тлеубай Адель, Сапар Қыран, Бақытжан Дінмұхаммед, Түгелбай Кәусар
Жетекшілері: Мукашбекова Сайрангуль, Бидайбекова Айнагул Ерлановна