"Әлихан және Алаш зиялылары"

Даналықтың бейсенбісі аясында Әлихан онкүндігіне орай "Әлихан және Алаш зиялылары" тақырыбымен Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ нің профессоры Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясында академигі ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Салқынбек Досалы Исаханұлымен акт залында кездесу болып өтті.
Кездесу мақсаты: Әлихан мен Ахмет достығы жайлы мектеп-лицей ұстаздарына, оқушыларға мағлұмат беру;
9-10 сынып оқушылары Серікпай Аяна,Ұзақпай Ажар,Рамазан Фархат тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, ғалымның шығармашылық жұмыстарымен, Алаш қайраткерлері туралы тың мағлұматтар алды.
Ғалым ағамыз мектеп лицейде осындай кездесу ұйымдастырғаны үшін үлкен рахметін айтты.