"Қазақстандағы жаратылыстану саласындағы жетістіктер" тақырыбында сынып сағаттары

 
28.02.2022 күні “Ғылым, техника, табиғат” жаратылыстану - ғылыми сауаттылық апталығы аясында 5-11 сыныптарда "Қазақстандағы жаратылыстану саласындағы жетістіктер" тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға XXI ғасырдың Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы жайында мағлұмат беру, ғылымның жетістіктері мен озық мәдени үлгілерді оқыта отырып, білімділікке, азаматтыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды үлгі тұта білуге үйрету.
Сынып сағаты барысында
оқушылар Қазақстандағы жаратылыстану бағытындағы жетістіктермен танысып, өз ойларын бөлісті.