"Экономикалық білім - заман талабы" тақырыбындағы кездесу

16.02.2022 күні "Қаржы әлемі" қаржылық сауаттылығы аясында Қарағанды Экономикалық университетінің мамандарымен "Экономикалық білім - заман талабы" тақырыбында кездесу өтті.
Спикерлер:
Исанов Арман Серікқалиұлы - аға оқытушы, магистр;
Майкенова Алия Егинбевна - аға оқытушы, магистр;
Сатымбекова Саида Базарбаевна - аға оқытушы, магистр.
Кездесу барысында спикерлер:
- Университеттің бағытын, ұсынылатын қоғамдық және техникалық мамандықтарды, олардың мүмкіншіліктерін ашып айтты;
- Серіктестікте жұмыс жасайтын компаниялармен, мектептермен, жеке және мемлекеттік ұйымдармен жұмыстарын таныстырды;
- 9 және 11 сыныптардан кейін оқуға түсу жолдары туралы ақпарат берді.