«Заманымыздың заңғар тұлғасы» атты тарихи-танымдық сағат өткізілді

«Заманымыздың заңғар тұлғасы» атты тарихи-танымдық сағат өткізілді

27. 01.2022 қоғам және мемлекет қайраткері Д.А. Қонаев туралы түсініктерін кеңейту, ел үшін еңбек еткен, халқына адал болған, ұлы тұлғаның өмір жолдарын үлгі ету мақсатында мектеп-лицей кітапханасында «Заманымыздың заңғар тұлғасы» атты тарихи-танымдық сағат өткізілді. Тарихи-танымдық сағат барысында оқушыларға тарих пәнінің мұғалімі Амирова Айнур Аманжоловна Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев туралы тың мағлұматтар айтып, өміріне, қызметіне, жалпы өмір жолына тоқталды. Ұлы тұлғаның рухани-адамгершілік 10 қасиеті жайлы 5 «В» сынып оқушылары: Дүйсенбекова Аяна, Тлеуберген Жангелді, Ералы Әбдімәлік айтса, Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың нақылға айналған, бүгінде кең таралған ғибратты сөздерін 5 «Б» сынып оқушысы Сапар Дильназ, 5 «В» сынып оқушылары Сабитов Нұртас, Тұрсын Нұрқанат шынайы сезіммен жеткізді.
5 «Б» сынып оқушысы Уаш Нұрасыл Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевқа арнаған ақиық ақын Тұманбай Молдағалиевтың «Жарық жұлдыз» өлеңін оқыды. Оқушыларға «Заманымыздың заңғар тұлғасы» тақырыбында Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевқа арналған ақпараттық-танымдық көрмесі ұсынылды.