"Өзін-өзі тану пәні-баланың рухани әлемін байыту негіздері" тақырыбында онлайн-семинар өтті

31.01.2022ж. Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімі "Әлихан Бөкейханов атындағы 15 мектеп-лицейі" КММ-де 5-6 сыныптың ата-аналарына арналған "Өзін-өзі тану пәні-баланың рухани әлемін байыту негіздері" тақырыбында онлайн-семинар өтті.
Мақсаты: ата-аналарға "Өзін-өзі тану пәнінің мақсаты, негізгі идеясы, тәрбиелік мәнін жеткізу.
 Жалпыадамзаттық құндылықтар: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау жайлы айтып, құндылықтар ағашымен таныстырды.
Ата-аналарға өзін-өзі тану сабағының "Нұрға бөлену" ,"Мұғалім сыйы", "Жүректен-жүрекке бөлімдері бойынша тапсырмалар берілді. Ата-аналар аса ерекше ықыласпен тыңдап, белсенділік танытты, өз ойларын ортаға салды.
Семинар барысында оқушылардың дайындаған "Жақыныңа қуаныш сыйла" ," Жан жылуы" және "Әлихан еріктілерінің" түсірген бейнебаяндары көрсетілді.
Өзін-өзі тану пәні олимпиадалары мен әлеуметтік жобалар жайлы айтылып, жүлдегер оқушылар аталды.
"Өзін-өзі тану әлемінде" әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, демеу жасасақ, жүрегі нұрға толы, елін, жерін, тілін, отбасын сүйетін, еңбекқор , адал адам тәрбиелейміз.