«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»

 «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»

01.02.2022 күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігінің ашылу салтанаты онлайн саптық жиын форматында өтті.
Әлихан еріктілері қозғалысының жетекшісі 9Б сынып оқушысы Қалқаман Асланның еріктілер клубы туралы бейнебаяны тыңдалды.
Онкүндік аясында өткізілетін іс-шаралар жоспары қатысушыларға таныстырылды.
Саптық жиын соңында мектеп-лицей оқушыларының орындалуымен "Жан жылуы" атты әні ұсынылды.