«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының ашылу салтанаты онлайн саптық жиын форматында өтті.

 «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының ашылу салтанаты онлайн саптық жиын форматында өтті.

31.01.2022 күні «Зейін» жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен өткізілетін «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының ашылу салтанаты онлайн саптық жиын форматында өтті.
Мектеп-лицейіміздің жоғары санатты биология пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, жаратылыстану-математика кафедрасының жетекшісі Бақытқызы Перузия құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шара барысында IT ғылымдарының магистрі, роботехника және software саласы бойынша инженер Нұрланұлы Қасым цифрландырудың әлемдік ауқымдағы трендіне байланысты мазмұнды мәліметтермен бөлісті.
Апталық барысында өткізілетін іс-шаралар жоспары қатысушыларға таныстырылды.