«Білімдіге биіктен орын» тақырыбында зияткерлік ойын жүргізілді.

«Білімдіге биіктен орын» тақырыбында зияткерлік ойын жүргізілді.

25.01.2022  күні оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін өмірде қолдана алуға бейімдеу мақсатында 6А,6В сыныптарында «Білімдіге биіктен орын» тақырыбында зияткерлік ойын жүргізілді.
Сайыс кезеңдеріндегі берілген тапсырмалар оқушылардың бағдарлама бойынша математикалық білімдерін және математикалық сауаттылықты дамытатын, жалпы білім алуға деген қызығушылықтарын оятатын, логикалық ойлау қабілеттерін арттыратындай болды.
Жарыс барысында болған  «Сандар сыры», «Логика», «Ой сергіту сайысы», «Білім арқаны» кезеңдері оқушылардың ең көп таңдаған бөлімдері болды. Зияткерлік ойында өте белсенді қатысып сұрақтарға дұрыс , нақты жауап берген оқушылар:
6а сыныбынан Тұрсынбек Айзат, Саятов Алдияр, Амангелды Темірлан,Боранқұл Кәусар,
6в сыныбынан  Аблайханова Мадина, Альжан Аружан,Ожанов Ерсайын, Тыйышбай Балжан , Амантаева Айым, Мажихан Анель.