Облыстық «Зейін» жобасы

Облыстық «Зейін» жобасы

2021 жылдың 22 қаңтарында облыстық «Зейін» жобасы аясында «ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!» атты оқу сауаттылығы апталығының қорытындылау кезеңі онлайн форматта салтанатты түрде қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес өткізілді.
Жиын барысында кафедра жетекшісі Тайжанова Қарлығаш Байкенқызы, апталықта өткізілген іс-шараларға қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытқан оқушыларды атап өтті.
Салтанатты саптық жиынның жабылуында ең үздік жаңылтпаштар, ең үздік буктрейлер және «Мен және менің отбасым» фотоакциясындағы үздік жұмыстар, тақырыптық бейбаяндар көрсетілді.
Оқу-сауаттылығы апталығында жоспарға сәйкес өткізілген іс-шаралар Instagram, Facebook уақытында салынып отырды.