"Түнгі қаладағы балалар!" рейді өтті

31 желтоқсан және 2,3қаңтар күндері кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, яғни балалардың қадағалаусыз, қараусыз жүруінің, бала еңбегін қанаудың алдын алу мақсатында қысқы каникул жоспарына сәйкес "Түнгі қаладағы балалар!" рейді өтті. Рейдке мектеп-лицейдің қамқоршылық кеңесі мүшесі Тоқметов Д.М., әкелер кеңесі мүшесі Мукажанов Е.О. қатысты. Бірлескен мобильді топ түнгі қалаға рейд жүргізді. Рейд кезінде кәмелетке толмаған оқушылар мен студенттерге заңды тұлғасыз жүрмеу керектігі ескертіліп, үйлеріне қайтарылды.