«Таңшуақ» шағын орталығында Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қызғалдақ» ортаңғы және «Раушан» ересек топтарында мерекелік ойын-сауық өтті

«Таңшуақ» шағын орталығында Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қызғалдақ» ортаңғы және «Раушан» ересек топтарында мерекелік ойын-сауық өтті

30.12.2021ж күні «Таңшуақ» шағын орталығында Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қызғалдақ» ортаңғы және «Раушан» ересек топтарында мерекелік ойын-сауық өтті. Көтеріңкі көңіл-күймен балалар шыршаға, Аяз атаға, Ақшақарға арналған әсем әндерін шырқап тақпақтарын айтты. Ойын-сауыққа Қоян, Түлкі, Барыс, Ергежейлі сияқты кейіпкерлер қонаққа келді. Кейіпкерлеріміз балаларды мерекемен құттықтап балалармен бірге сәнді би билеп, «Қар лақтыру», «Қарлы шар», «Кім көп шар жарады» сияқты ойындар ойнап шапшаңдықтарын көрсетті.