"Халықтар бірлігі жасасын"

30.04.2021 күні 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай "Халықтар бірлігі жасасын" тақырыбында 6-8 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге "Кәріс" ұлттық орталығының мүшесі Александр Дябекович көпұлтты мемлекеттің даму болашағының жарқын болатындығы жайлы ерекше көңілмен әңгімелесе, мектеп-лицейіміздің тарих пәнінің мұғалімі Амирова А.А, орыс тілі пәнінің мұғалімі Буденова С.К еліміздің ең басты байлығы бірлік, береке жайлы өз ойларын ортаға салды. Қалалық С. Сейфуллин атындағы кітапхананың "оқырмандарға қызмет көрсету" бөлімінің меңгерушісі Арзымбетова А.Қ қаламыздағы этнос орталықтары жайлы ақпараттар берді.