"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес "

2021 ж 29 сәуірде 10 сыныптардың қатысуымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес " тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты:
▪️Сыбайлас жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру;
▪️Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту;
▪️Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Сынып сағатында "Сыбайлас жемқорлық" туралы толық түсінік беріліп, пайда болу жағдайлары жайлы бейнеақпарат көрсетіліп, оқушылар өз ойларын білдірді.
Ұлтымыздың көрнекті өкілдерінің дана сөздері ,бабаларымыздың ізгі әрекеттері мен биік болмысы, даналығы мен тапқырлығы, қара қылды қақ жарып айтар туралығы, әділ шешімі мен билік кесімдері елге қызмет етемін деген әрбір азаматқа үлгі болуы тиіс және әр азамат ар, борыш,адалдық сынды қасиеттерді бойына қалыптастыра білуі керек екені сынып сағатты қортытындалауға арқау болды.