«Тұлғатану»​

«Тұлғатану»​

24.04.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы, Е.Букетов атындағы Қарағанды университетінің «Тұлғатану»​ ғылыми- зерттеу орталығы және Қарағанды қаласы​ «Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ ұйымдастыруымен Әлихан​ Бөкейханның​ 155​ жылдығы​ және​ Қазақстан​ Республикасы​ Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Алаш идеясы - Тәуелсіздік» тақырыбында​ ​ аймақтық​ ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Әлихан мектептерінің Альянсы, ​ ​ ​ конференцияда аманатқа адалдықтың үлгісін көрсетті.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​
​ Пленарлық отырыста Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, ҚР Білім меценаты, «Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының иегері Алтынбеков Бекзат Қомарұлы, Қарағанды қаласы білім бөлімінің басшысы Әшім Есентай Мұқатайұлы , Е.Бөкетов атындағы Қарағанды универитеті археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к., «Тұлғатану» ғ.з.зо. директоры Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Жұмағұлов Сағымбай Ботпайұлы тағылымды ойларымен бөлісіп, ​ ​ жас ұрпаққа Алаш идеясын және ​ тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеді.
Біздің мектеп-лицейдің , тарих пәнінің мұғалімі, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бейсембай Сұңғат Сағынайұлы оқу -тәрбие үрдісіндегі "Әлихантану" жобасы бойынша іс-тәжірибемен бөлісті.
Жалпы конференция бес бағыттан тұрды. Соның ішінде 4-ші бағыт бойынша сарапшы бола отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен бөліскен аймағымыздың ​ педагогтеріне табыс тілеймін.
Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханды ұлықтауға және Алаш мұрасын дәріптеуге арналған осындай ауқымды конференцияны​ ұйымдастырушыларға​ алғысымызды білдіреміз.