«Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы»

«Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы»

Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Web-мастер» облыстық жобасын іске асыру, оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру, оқушылардың бойында байқампаздық, эстетикалық талғамды, мәселені шешуде шығармашылық көзқарасты дамыту, оқушылардың бейнекамерамен  жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыру, бейнені өңдеу бағдарламалары мен қосымшаларды пайдаланып тәжірбиелік дағдыларды қалыптастыру мақсатында «Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы» тақырыбында 8 сыныптар арасында видеороликтер жарысы өтті.
Нәтижесінде мектеп-лицейіміздің 8 "В" сынып оқушысы Серікбек Назгүл жүлделі III орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!