Размер шрифта:

"Theory of State and Law"

12.02.2021 күні «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясында 11 «ә» сыныбында «Мемлекет және құқық теориясы» атты құқық саласының фундаменталды мәселелеріне негізделген зияткерлік ойын өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың құқық саласындағы білім қорын арттыру негізінде гуманитарлық бағыттағы мүмкіндіктерін дамыту және де ізденушілік пен сыни тұрғыда ойлау дағдыларын қалыптастыру арқылы жан жақты ойлау аясын кеңейту.
Зияткерлік ойын «Мемлекет және құқық теориясының» 4 негізгі фундаменталды саласын қамтыды:
1. «Мемлекет» ұғымы және мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар;
2. Мемлекеттің басқару формасы;
3. Мемлекеттік құрылыс формасы;
4. Саяси режім.

Зияткерлік ойынның негізгі мақсаты жалпы гуманитарлық бағыттағы білім қорын ұлғайту болғандықтан, қатысушылар тиісті номинациялармен марапатталды.