EFU USA-Israel-Kazakhstan-Kyrgyzstan онлайн курс. Халықаралық авторлық жоба.

 EFU USA-Israel-Kazakhstan-Kyrgyzstan онлайн курс. Халықаралық авторлық жоба.

 EFU USA-Israel-Kazakhstan-Kyrgyzstan онлайн курс. Халықаралық авторлық жоба.
EFU - English Friendly University. Халықаралық балаларға арналған қосымша білім беру университеті. Бүкіл әлемдік пандемия кезінде оқушылардың қашықтықтан оқыту кезінде уақытын тиімді және қызықты өткізу мақсатында ұсынылды. Бұл курс ағылшын тілінің базалық деңгейін және балалар мен жасөспірімдерге арналған жазушылар жобасын қамтиды. Халықаралық онлайн чат жұмысы 24 наурыздан 26 сәуірге дейін тегін оқытылды. Марапаттау, сертификат және EFU сағаты үздік оқыған қатысушыларға 3 мамыр күні тапсырылды. Электронды форматта. Бұл курсқа Нұр-Сұлтан қ, Алматы қ, Алматы облысы, Қарағанды облысы бойынша Балқаш қ, Сатпаев қ, Жезқазған қалаларынан әр түрлі жастағы оқушылар мен студенттер қатысты. Курс мақсаты: бастапқы ағылшын тілін дамыту, меңгеру.
Нәтижесінде үздік қатысушылар EFU сертификаттарымен марапатталды. Біздің мектеп-лицейімізден қатысқан оқушылар:
Оразбай Ақерке – 6 «А» сынып
Ермек Жанар – 6 «А» сынып
Ілияс Гаухар – 6 «А» сынып
Сартаев Жан – 7 «В» сынып
Айтқұл Айша – 5 «Ә» сынып
Келесі «Жазушы» жобасына 1 айлық грант ұтып алған оқушылар:
Ермек Жанар
Оразбай Ақерке
Ілияс Гаухар
Оқушалар шексіз алғыстарын білдіріп, оң пікірлерімен бөлісуде. Жоба авторы: Паулина Кравцқа, бастамаға қолдау көрсеткен ата-аналар қауымдыстығы мен мектеп-лицей басшысы Қарлығаш Шәкарімқызына көп рахмет.
Мақала авторы: Баженова Асель Оразбековна ағылшын тілі мұғалімі. Балқаш қаласы, Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы.


#ООБ_школадома

На изображении может находиться: 2 человека