«Географиялық старт-2019» танымдық жарысы

«Географиялық старт-2019» танымдық жарысы

Сәуір айының 26-ы күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында қала мектептері арасында «Географиялық старт-2019» танымдық жарысы өтті. Мақсаты: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау. Сайысқа мектеп-лицейіміздің 7сынып оқушылары қатысып, жүлделі III орынмен марапатталды. Жетекшісі география пәні мұғалімі Касенова Динара.