Бағбан болсаң бақ өсір

Бағбан болсаң бақ өсір

Бағбан болсаң, бақ өсір...
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын»,-деген аталы сөзді ту еткен 15 мектеп-лицей оқушылары Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу күніне белсенді қатысты. 
Бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекенін көркейтуге, жасыл желекке айналдыруда жоғары сынып оқушылары қаламыздың көрікті жерлеріне ағаш отырғызды. Осындай іс-шара мектеп ауласында жалғасын тапты. 2018-2019 оқу жылының 11-сынып түлектері мен ата-аналар қауымдастығы дәстүрлі көшет отырғызу жұмыстарын жүргізді. Мектеп ауласындағы жеміс бағына 20 түп алма көшетін отырғызған түлектеріміз «Бағбан болсаң бақ өсір, «Балама»,-деп тағы өсір»,- деген халық даналығының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқандығын дәлелдей түскендей.