«Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану»

«Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану»

Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейінде ата-аналар қоғамдастығына арналған НЗМ ДББҰ іс-тәжірибесін трансформациялау «Ұлы дала мұрагерлері» форумы аясында «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану» атты ашық есік күні өтті.
Ата-аналар «Білім берудегі өзгерістер мен инновациялар» тақырыбында ұйымдастырылған семинарда « Білім мазмұнын жаңартудағы критериалды бағалау», «Жаңартылған білім беру мазмұны оқулықтары» жайында ақпараттар алып, топта жұмыс жасай отырып, жаңа бағдарламаның ерекшеліктерімен танысты. 
Осы бағыттардың ішіндегі бүгінгі таңда басты басымдықта тұрған- «Тәрбиелі ұрпақ-тамырлы болашақ» мектеп-лицейдің даму жоспарының 5-стратегиясы. мектеп-отбасы-қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, серіктестікті қалыптастыру, ата-аналармен тығыз байланыста болу мақсатында «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы тәлім-тәрбие құндылықтары арқылы нәтижеге бағытталған білім беру моделіне қол жеткізуде «Ұлы даланың жеті қыры» көрмесі мен «Шаңырақ» топтарының «Екі апта ауылда», «Ата- анамның жұмыс орнында», «Туған елге тағзым» әлеуметтік жоба жұмыстары көрсетілді. Ата-аналар мектеп-лицейіміздің дарынды да, талантты оқушылардың өнерлерін тамашалап, ризашылық сезімдерін білдірді.