«Оқу үдерісін реттеудегі қалыптастырушы бағалау мен шарттары »
2018 жылдың 11ші желтоқсанында «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейінде »КММ- де «Оқу үдерісін реттеудегі қалыптастырушы бағалау мен шарттары » атты өз іс-тәжірибелерімен бөлісу оқыту семинары өтті.
Қатысушылар: мектептің жас мамандары мен пән мұғалімдері.
Мақсаты: қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау және оқытудың заманауи техникалық, цифрлық білім беру ресурстарын тәжірибесімен бөлісу.
Ұйымдастырушылар : биология пәні мұғалімі Бакыткызы П, химия пәні мұғалімі Ахтанова Б.Б., бастауыш сынып мұғалімі Байсеркина Б.
Қалыптастырушы бағалау үдерісіндегі келесі кезеңдерге тоқталды:
қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау
қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау
қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау
кері байланыс беру
Оқытудың заманауи техникалық, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану арқылы бағалау және сауалнама жүргізу, онлайн тестілеу құралдарын қолдану тиімділігі көрсетілді.