"ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ- 2018" байқауы

03.10.2018 жылы мектеп- лицейімізде жас мұғалімдер мен білікті ұстаздардың педагогикалық шеберліктерін шыңдау,  өзара тәжірибе алмасу және бірлесе отырып шығармашылық жұмыс істеуге бағыттау мақсатында «Ұстаз –ұлы адам ел таныған!» тақырыбында  «Жыл мұғалімі- 2018» байқауының  мектепішілік кезеңі  өтті. Байқауға 9 үміткер қатысты. Байқау қатысушыларын  идеялардың мазмұндылығы мен ерекшелілігін, ғылыми және әдістемелік құндылығын, педагогикалық мәселелерді шешуде кәсіби дағдысының қалыптасуын,  әртістік шеберлігін, ақпаратты нақты ұсына білуін  Ұлағатты ұстаз, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісінің  иегері Жунус Несипкайша Гылымжанкызы, «Пульс» газетінің тілшісі, ақын, сазгер Саденов Қуандық және “Жыл мұғалімі- 2017” қалалық кезеңде І орын, облыстық “Үздік үй тапсырмасы” номинациясы, облыстық “Үздік  сабақ» номинациясы бойынша ІІ орын иегері биология пәнінің мұғалімі Бакыткызы Перузия критерилерге негіздеп бағалады. Қатысушыларға ата- аналар, оқушылар, мектеп ұстаздары қолдау көрсетіп шабыттандырып отырды.  Нәтижесінде шығармашылық iзденiстерi, өз шеберлiгi мен жоғары бiлiктiлiгiн танытқан ұстаздар арасынан бас жүлдені мектепалды таярлық сыныбының мұғалімі Толеуханова Жаңагүл Бақторазқызы, I орынды тарих пәнінің мұғалімі Амирова Айнур Аманжоловна,  II орын информатика пәнінің мұғалімі Серикбаева Жаркынай Курманбековна, III орынды ең жас конкурсант қазақ тілі және әдебиеті  пәнінің мұғалімі  Оразалиева Әйгерім Жанғазықызы иеленді. Біз әріптестерімізді мақтан тұтамыз және олардың педагогикалық шығармашылық көздерінің толысуына қуанамыз.