«ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана:өз балаңа үлгі бол» республикалық ата-аналар конференциясының өтуі туралы ақпарат

«ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана:өз балаңа үлгі бол» республикалық ата-аналар конференциясының өтуі туралы ақпарат

         «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп - лицейі» КММ

«ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана:өз балаңа үлгі бол» республикалық ата-аналар конференциясының өтуі туралы ақпарат

         8.09.2018 күні мектеп – лицейдің мәжіліс залында «XXI ғасырдың Қазақстандық ата-аналары» республикалық  конференциясы өтті. Конференция Отбасылық білім беру институтының Бас директоры Софья Евдокимованың үндеуінен басталды.

Қатысушылар категориясы:

1. 1-сынып ата-аналары

2.1- сынып жетекшілері, пән мұғалімдері

3.Конференция қонақтары:

«Парасат» аналар   мектебінің жетекшісі -Сламбекова Р.С.

«Қамқоршылық» кеңесінің мүшесі – Токмолдина П.С.

Ата-аналар комитетнің мүшесі -Абылкаиырова А.Б

Ардагер ұстаз -Жүнус Н.Ғ., БАҚ өкілдері.

Қатысушы спикерлер: педагог-психолог Акшалова А.Т.,Оразан А.Т., медбибі Аткельтирова М.С.

Конференцияның мақсаты:бірінші сыныпқа барған балалардың ата-аналарына психологиялық тұрғыда көмек көрсету, отбасы құндылықтарын насихаттау.

Конференцияда  балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жағымсыз ақпараттан қорғау, діни ағымдарға енудің алдын алу, отбасылық құндылықтарды нығайту, баланың өзін-өзі бағалауын арттыру мәселелері қаралды.

Конференция барысында ата-аналарға «Букроссинг» жобасын кітапхана кеңесі мүшелері таныстырып, нәтижесінде 1-сынып ата-аналары өздерін қызықтырған  көркем шығармаларды оқу үшін таңдап алды.

Жалпы 1 сынып бойынша ата-аналар саны-97

Қатысқан ата-аналар саны-88