«Рақмет саған даярлық!»

23.05.2018  ж. күні мектепалды даярлық сыныптары арасында  «Рақмет саған даярлық» атты ойын-сауық болып өтті. Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту. Білгендерін ортаға салып қорытындылау. Берілген міндеттерді өз беттерімен орындап, жауапкершілікті сезінуді тәрбиелеу мерекенің басты мақсаты болды.

Мереке барысында оқушылар өздерін білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына арнайы тақпақтарын мәнерлеп айтып, ән салып, билерін биледі. Мерекенің басты кейіпкері «Білім Ханшайымы» балалармен түрлі логикалық ойындар ойнап, алған білімдерінен пысықтады. Сондай-ақ, мереке кейіпкері «Бүлдірген» де балалардың мерекелеріне қуаныш сыйлады. Мереке соңында әдіскер А.А.Амантаевна өзінің оқушыларға деген жылы лебізін білдіріп, ата-аналарды Алғыс хатпен, оқушыларды мадақтамамен марапаттады.